Жүз бірінші жетістікке жетер жол. Изтурова Тажихан

Манғыстау  облысы Таушық  поселкасында 1953 ж дүниеге  келдім. Мамандығым –дәрігер, Түпқараған ауданы Ақшұқыр селосында медицина саласында  үздіксіз 44-жыл абыроймен еңбек етіп келемін.

Сонымен қатар 2003 жылдан бастап  ауылшаруашылық саласы бойынша жеке кәсіпкермін «Байболат» шаруа қожалығын ашып, Ақшұқыр селосында асыл тұқымды түйе, жылқы малдарың өсіремін.

2000 жылдары  жекешелендіруге байланысты, селода  жұмыс жасаған дәрігер мен мұғалімдерге  ұпай  жер телімдер  берілді. Мағанда ауылшаруашылығына  жер телімі тиісті болып, мал өсіруге  суы бар, қыстауы бар жер берілді. Сол жерді пайдалануға  мал өсіруге  қызығушылық пайда болды. Әр жерде малшыларға  қосып  қойған  малдарымды  түгелдеп, малшы ұстап  өсіре бастадым, міне менің  ауылшаруашылығым  осылай  басталдып. Жылына 100 тоннаға дейін сүт, шұбат өндіремін. 10 тонна ет тапсырылып отыр. Әліде мал басын көбейтуге жұмыстанамын. Қазіргі таңда 8 адамды еңбекақысы бар, жұмыспен қамтып отырмын.

Өзімнің негізгі  мамандығым дәрігерлікті тастамадым, басты мақсатым  қала медицинасын аулға әкеліп дамыту, Ақшұқыр селосынан  2016 жылы жеке емхана  салдым. 2018 жылы 1 желтоқсанда Елбасы күніне орай ресми түрде аштым. Қазіргі таңда 12 білікті мамандарды жұмыспен қамтудамын. Сондай – ақ жаңа үлгідегі медициналық құрал жабдықтармен толықтырылудамын. Патронаждық — профилактикалық жұмыс жолға қойылды, балалар өлімі  азайды, аналар  өлімі  болған жоқ. Бірнеше білімімді жетілдіріп курстар оқыдым, бірінші  категориялы  ұйымдастырушы дәрігермін.

Осы жұмыстарымды атқара  жүріп екі ұл  бір қыз  тәрбиелеп өсірдім, бәріде  өз мамандықтарының шеберлері, үлкен ұлым Нұр-сұлтан қаласында дәрігер. Үш баламнан  он немере, жиендерім бар. Ардақты ана, асыл әжемін.

Бүгінгі таңда Еңбегім  елеусіз  қалған жоқ, облыстық, аудандық, республикалық бірнеше марапаттарға ие болдым.

  1. 1984 ж. КР ДМ  Мақтау граматасы
  2. 2001 ж. КР –сы  тәуелсіздігіне 10 жыл  медалі
  3. 2006 ж. КР-сы парламентіне 10 жыл медалі
  4. 2011 ж. Ерен еңбегі үшін медалі
  5. 2015 ж.  Денсаулық сақтау  ісінің үздігі төс белгісі.
  6. 2015 ж. Жыл  адамы  Үздік фельдшер
  7. 2016 ж Пирогов атындағы медалі   

Изтурова  Тажихан  Собалаковна —  «Байболат» шаруа қожалығының басшысы,«Жоламан» медицина орталығының басшысы,  Ақшұқыр селосы Түпқараған ауданы  

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *