Продолжаем знакомство с героинями книги.

Мы продолжаем знакомство с героинями, ставшей популярной книги «100 асқар шыңдарға ту тіккен Қазақстан ауыл әйелдері/100 историй успеха сельских женщин Казахстана», в которой собраны интересные и необычные истории простых сельских женщин, их судьбы, становление как успешные бизнес-woman. Все истории в книге, это реальные рассказы самих женщин, в которых чувствуется радость от исполненного, боль от пережитого, гордость за полученный результат.

Сегодня, дорогие друзья, вы узнаете историю, на сегодняшний день, очень успешной женщины-бизнесмена, директора рыбного завода ТОО «Амангельды» в Атырауской области, Амиргалиевой Айгүл Маулышарифқызы.

ӘМІРҒАЛИЕВА Айгүл, «Амангелді» ЖШС директоры, Құрманғазы ауданы.

«Мол тәжірибе еселі ең- бекпен келеді».

Менің өмірдегі ұстанымым адалдық, әділдік, тәуекелшілдік. Әркез қандай да бір жауапты бастаманы қолға алып жатқанда ол «еліме, жеріме пайдалы ма» деген ой мазалайтыны рас. «Жеті рет өлшеп бір рет кесетін» дана, дара ұлттың өкілі емеспіз бе, көкірегімде бір сенім «алға!» деп тәуекелдің қайығына мінгізіп жібереді. Бабаларымыз «тәуекел түбі жел-қайық- желесің де өтесің, уайым түбі тұңғиық-батасың да кетесің» деп бекерге айтпаған-ау, шамасы. Нық сенімнің арқасында қаншама игі істер жүзеге асты. Қазіргі таңда «Аманкелді» ЖШС-і құрылтайшысымын. Бұл жолдасым Мұрат Әмірғалиев екеуміздің отбасылық бизнесіміз. Мен осы мекемеде сонымен қатар- сату бөлімінің менеджерімін. Осыдан 12 жыл бұрын жолдасым Мұрат екеуміз банкроттыққа ұшырауға жақын, «Амангелді» өндірістік кооперативін сатып алып, жаңа кәсіпорынның негізін қаладық. Ол кезде бәрі басқаша еді. Бұл біздің кәсіпкерлік саласы ғана емес, жалпы өмірде жасаған қадамымыз-тын. «Амангелді» өндірістік кооперативін сатып алған кезде бір шағын ғана кеме болды. Бір кемемен көшке ілесе алмайтынымыз айдан анық еді. «Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың аты шықпас» дегендей, қалайда өрге қарай жүруді ойладық. Шаршамай тер төгіп, еңбек етудің нәтижесінде осы күні серіктестікте балық аулауға арналған 40-тан астам ірі көлемді кемелер, жүзден астам ұсақ қайықтар бар. Қазір «Амангелді» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 1100 адам жұмыс істейді. Олардың әлеуметтік тұрмысы толықтай қамтамасыз етілген. Маусымдық жұмыстарға Еселі еңбегіміз бен жүйелі қызметімізге ықылас білдірген Елбасы 2013 жылы жолдасым Мұратпен кездескен сәтте оған жергілікті халықты балық өнімдерімен қамтамасыз ету міндетін жүктеген еді. Әрине, алғашында осы копперативтің өрлеуіне өз қаражатымызды салдық, көп киындықтар кездесті. Дегенмен бастаған ісіміздің одан әрі дамуына мемлекеттің тарапынан көп қолдау көрсетілді. Осы мақсатта облыс және қала әкімдігінің демеуімен қала аумағында балықты қайта өңдеуге және дайын өнім өндіруге арналған үлкен завод ашылды. Атырау облысының әкімшілігі қолға алған міндеттерін жүзеге асыра отырып, қала және облыс тұрғындарын сапалы балық өнімдерін тиімді, қол жетімді бағамен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамаларының ветеринарлық-санитарлық нормаларына толықтай сәйкес келетін 28 сауда павильондары мен дүкендерінің ашылуына қала әкімдігімен бірлесіп арнайы жер телімдерін бөліп берді. Осылайша кәсіпорнымыз елмен бірге, жергілікті билікпен тізе қоса отырып Елбасы тапсырмасы аброймен орындады. 2014 жылы «Даму» қоры арқылы бизнесті кеңейтуге арнайы несие алдық. Ол несие тек Алматы қаласындағы балық өңдеу заводын салуға берілді. Қазіргі таңда Алматыда балық өңдеу зауыты салынып бітті. Алматы заводының өнімдері Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын қамтамасыз етеді. 2017 жылы Атырау әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы көмегімен, Құрманғазы ауданының Шортанбай балық зауытын сатып алдық. Бүгінгі таңда компания балық өнімдерінің 80-нен астам түрін шығарады, Еуропаға көксерке сүбесін экспорттайды. Батыс аймақты және аудандарды өңделген балық өнімдерімен қамтамасыз етеді. Жолдасым Мұрат Әмірғалиев жеке бизнесте жұмыс істей бастағанда, мені алғашқы екі жылға «көмектесуге» шақырған еді. Үш баламыз бар, ата-енеммен бірге тұрамын. Ойланып жатуға уақыт болмады. Ол кезде бәлкім істің қаншалықты терең болатынын ұғынбаған да шығармын. Дегенмен жолдасымның мені қолдап жаңа бір қабілетімнің ашылуына мүмкіндік тудырып, септігін тигізгеніне дән ризамын. Жауапкершілігі мол қызметімде менің басты кеңесшім, сыншым және қолдаушым да- Мұрат. Негізінде мамандығым бойынша биологпын, ал қазіргі таңда кәсіпкер атандым. Қаншама жылдар бойы көп нәрсені түйсіндім, сүрінген кездер де болды, ақыры бизнестің қыр-сырын ұқтым. Мен басқарып отырған сату бөлімінде қазір 60 әйел жұмыс істейді, олардың әрқайсысын жіті танимын, отбасындағы әлеуметтік ахуалын да жақсы білемін. Жұмысшыларымның алаңсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ете алдым, бұл мен үшін үлкен жетістік.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *