Табиғи таза сүт өнімдеу үшін құрылған бизнес

Соңғы кезде, біз «Соса-Соla белестері»  әлеуметтік жобасы жеңімпаздары туралы мәліметтерді жазып отырмыз. Бүгінгі кейіпкеріміз — Джусипова Ұлту, Түркістан облысына қарасты, Келес ауданының Ұшқын ауылының тұрғыны. «Соса-Соla белестері» әлеуметтік жобасының 2019 жылы жеңімпазы атанып гранттық қаржыға ие болып, өз жұмысын  2019 жылы желтоқсан айынын соңынан бастаған.

Ұлтудын өзі жайлы әнгімесі: «Бизнес жоспар бойынша 3 төлдейтiн мал басын және тоңазытқыш сатып алдым, қаңтар айының соңында 2 мал төлдеп сүт пен айран дайындап, қазiр ауылдағы 4 бала-бақша мен ауылымызға жақын жерде орналасқан санаторий асханасына сүт өнімдерін өткізіп қаржы тауып жатырмын, келешекте  мини-ферма ашуды жоспарлап отырмын. Алдымен тек үйдегі отбасына, баламның денсаулығына байланысты табиғи таза сүт өнімдері  үшін алған мал басын келешекте көбейтіп мини ферма ашсам деп отырмын. Оңтүстікте қазіргі уақытта күн жылынып көктемгі егіс науқаны басталып кетті, сондықтан қазір қысқы мал азығына керек. 1,5 га жерге жүгері мен көп жылдық жоңышқа егуге кірісіп кеттік. Маяами сортты жүгері 1 га жерден 16 тоннаға дейін мал азығын береді. Мал тұратын қысқы қора салдық, қазіргі уақытта карантинге байланысты бала-бақшалар жұмыс істемей тұрғандықтан, уақытша жұмыс тоқтап тұр, сондықтан сақталу мерзімі ұзақ уақытқа жарамды май мен  құрт дайындап жатырмын.

Адам жетістікке жету жолында еш аянбау керек. Жетістікке жету үшін ең бастысы өзіңе сенімді болып, ешқашан мойымау керек. Бұл менің еңбек жолымның тарихы болды. Қиындық үлкен болса да, кіші болса да, өзіңе сенімді болсаң, алынбайтын қамал болмайтынына көзім жетті. Бастаған ісіңді ешқашан аяқсыз қалдырмай, жеңіс шыңына дейін жету керек.

Ұзақ уақыттардан бері жұмыссыз жүрген әйелдерге қолдау көрсетіп келген «Соса-Соla белестері»  әлеуметтік жобасына алғысым шексiз.»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *