Екінші республикалық «Жасыл кеңсе» конкурсы

Қазақстанда экологиялық саясатты қалыптастыруға және кеңселердегі энергия ресурстарын үнемдеуге бағытталған Екінші республикалық «Жасыл кеңсе» конкурсы жайлы Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында онлайн брифинг өтуде.

«Жасыл кеңсе» Конкурс экологиялық өмір салтын, «жасыл» және төмен көміртекті технологияларды насихаттауға, ғимараттарда үздік технологиялық шешімдерді таратуға, экологиялық жауапты ұйымдарды брендтеуге бағытталған.Байқауды ұйымдастырушылар: «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» Қолдау білдіргендер: ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы, ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар офисі.Спикерлер: ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі, ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар офисі және Коалицияның өкілдері қатысуда.Байқау ресми түрде ағымдағы жылдың 10 маусымында басталады, оған мемлекеттік органдардың, білім беру, денсаулық сақтау, сауда құрылымдарының, өнеркәсіптің, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар он номинация бойынша қатыса алады.Байқауға қатысыңздар!Насихат жұмысына қолдау көрсеткен әріптестеріме алғысым шексіз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *