ТДМ 14 «Теңіз экожүйелерін сақтау» көшбасшысы мәртебесіне кандидат

#ЦУР2030Казахстан

#cisc2020

#qogamgov

#ПроектЦПГИ

#ЦУР14Сохранениеморскихэкосистем

#ОбщественныйИнститутЦУР2030Казахстан

#Expo&Women

Бүгін біз сіздерді, құрметті достар, ТДМ 14 «Теңіз экожүйелерді сақтау» көшбасшымен  Рамазанова Бибігүл Дүйсеғалиқызы Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы, Баутино ауылы, «Риза-Ана» қоғамдық қорының директоры. Қоғамдық қордың миссиясы: «Ауыл әйелдерінің белсенділігін арттыру, оларға психологиялық, құқықтық көмек көрсету.

Бибігүл Дүйсеғалиқызы Қызмет Концепциясында өзі туралы осылай деп жазған: » Мен таңдаған мамандық – ұстаз болу еді. Білімім жоғары Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика институтының математика пәні мұғалімі мамандығын оқып бітіргенмін.

2003-2004 жылдары Ақтау қаласындағы № 9 орта мектебінде өзімнің еңбек жолымды математика пәні мұғалімі болып өз еңбек жолымды бастадым. Содан кейін А.М.Горький атындағы мектепке математика пәні мұғалімі болып қабылданып күні бүгінге дейін аталған мектеп жұмыс істеп келемін. 2008 жылы Маңғыстау облысы бойынша шағын бизнесті қаржыландыру бағдарламасына қатысып «Шағын баспахана» ашу мақсатында грант иегері атандым. 2009 жылы Жеке кәсіпкер «Рамазанова Бибігүл Дүйсеғалиқызы» болып ресми түрде тіркеліп халыққа қызмет көрсете бастадым. 2011 жылы екінші мәрте грант иегері атандым. 2013-2014 жылдары арасында «Бота» қорының волонтеры болып тіркеліп, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен жұмыс, 4-6 жас аралығындағы балалары бар ата-аналармен жұмыс, жүкті әйелдерге арналған  тренингтер өткізіп жұмысымды ойдағыдай өткіземін.   2016 жылы маусым айының 29 жұлдызында «Риза-Ана» қоғамдық қоры Маңғыстау облысы әділет департаментінде тіркеліп дүниеге келеді.

Содан міне 1 жыл 2 ай уақыт болды «Риза-Ана» қоғамдық қоры ПРООНның Маңғыстау облысын тұрақты дамыту бағдарламасына қатысып «10-жұмыссыз әйелді «Аспазшы-кондитер» қайта даярлау курсына оқытады. Түпқараған аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүзеге асырады.

2019 жыл 20 жұмыссыз әйелді курстарға оқытып жаңа манмандық алуға жағдай жасап, өз бизнесін, ашып берді. 2019 жыл қараша айы Ауыл әйелдері форумының Маңғыстау облысы бойынша делегат қатысушысымын.

2020 жыл Орталық азия Евразия қорының «Жұмылсақ жұдырық боламыз» атты жобаның жеңімпазымын. Бұл жобада мен «Баутино ауылы теңіз жағалауы жағажайды аббаттандырып, теңіз жағасын, және теңіз, яғни Каспий теңізі жаңалауында тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмын. Осы  лидер «ЦУР-14» сайысына 6-шы бөлім бойынша қатысамын – таза су, таза теңіз, таза Каспий жағалауы.

ТДМ 14 «Теңіз экожүйелерді сақтау» туралы толырақ сайтта https://www.un.org/sustainabledevelopment/ru/oceans/ білуге болады. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *