Ауыл әйелдерінің форумы

Ауылды дамыту, әйелдердің кәсіп ашуына көмектесу, жасыл технологияларды тарату мен іске асыру, «Ауыл-ел бесігі» жобасын жетілдіру. Осы мәселелер өңірдегі 100-ден аса ауыл әйелі қатысқан онлайн форматта өткен облыстық форумда көтерілді.

http://mangystautv.kz/kz/news/society/auyl-eielderinin-forumy-7

22 қазан айында Мангыстау облысы әкімдігі, «Жасыл экономиканы қолдаумен G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ, «Қазақстан әйелдерінің аграрлық Одағы» ЗТБ қолдауменен ауыл әйелдері форумы өтті.

Форум жұмысы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық  комиссияның, Халықаралық «Coca-Cola» қорының қолдауымен өткізілінді. Форумды Айсина Майра Арапқызы, Қазақстан  Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрайымы ашты. Келесі сөздерді — Лаззат Жанылысқызы Сүлеймен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты,  ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары; Аққұлов Нұрлыбай Қаржаубайұлы, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары; Александра Аккирман, Coca-Cola компаниясының Орталық Азия мен Кавказдағы үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі менеджеріне берілді.

«Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері» жетістігінің шеруі өтті: Жақыпова Тұрсынгүл Жақыпқызы, кәсіпкер, «Kazakh Osseter»ЖШС ғылыми-зерттеу өндіріс директорының орынбасары;Айлашева Нәбия Жасанғалиқызы, «Бейнеу аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКҚК «Дені сау бала» кабинетінің медбикесі, «Жайдарлы үкіметтік емес ұйымы»жеке меншік мекемесінің директоры;Жапарова Раушан Өтелгенқызы, Жаңаөзен қалалық көппрофильді емханасы директорының емдік-профилактикалық шаралар жұмыстары бойынша орынбасары;Челеева Несібелі Көшкінбайқызы, Қарақия аудандық «Аналар кеңесінің» төрайымы, ардагер-ұстаз;Багитжан Майра Рзабекқызы, кәсіпкер,«Rakhim babi» тігін цехының жетекшісі;Қонысбаева Гүлжанат Өтеуқызы, Мұнайлы аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары; Ізғалиева Сәнтөре Қобыланқызы, ҚР кәсіби халық емшісі. Келесі баяндама «Ауыл тұрғындарын қолдау бойынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы» тақырыбымен Дүйсенов Шыңғыс Бақытжанұлы Маңғыстау  облысы  Әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысы таныстырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *