Бахтиярова Әлия Маратқызы — ауыл әйелдері арасындағы ТДМ-2030 көшбасшы

Қайырлы күн, құрметті біздің сайтымыздың қонақтары! Біз ТДМ-2030 көшбасшыларының 2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі атқарған жұмыстары туралы ақпаратты жариялауды жалғастырудамыз. Бүгін сіздердің назарларыңызға Алматы облысы Көксу ауылдық округінің әкімі Бахтиярова Әлия Маратқызының есебі ұсынылады.
Көксу ауылдық округі әкімі А. М. Бақтиярованың 2020 жылғы кешенді әлеуметтік экономикалық – даму бағдарламасы бойынша атқарған жұмысы мен 2021 жылға алға қойған міндеттері «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» 11 Тұрақты даму мақсатына сәйкес іске асырылады.

Көксу ауылдық округі бойынша төрт елді мекен бар, 4 ауылда адам саны 2021 жылдын 1 қантарына 2213 адам құрайды. Әлеуметтік сала бойынша — АСП жәрдемақысын – 15 отбасы алды.  2020 жылы округ бойынша 50 адам жұмысқа тұрғызылды. Ол ашылған жұмыс орындарына ауыл тұрғындары тартылды, ақылы қоғамдық жұмысқа 26 адам тартылды.  Кәсіби оқуға жол картасымен бағдарламасы аясында 5 адам кәсіптік оқуға  жіберілді. Алтын және күміс алқа иегерлері 45 адам :  Алтын алқа иегерлері 23 адам , Күміс алқа иегерлері 22 адам. 2020 жылы Қосағаш орта мектебінің жана ғимаратынын құрылыс жұмыстары аяқталып,  қолданысқа берілді. Көксу орта мектебінің және Көктал бастауыш мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына 2021 жылы жобалық сметалық құжаттарын жасауды жоспарланып отыр. Жаңа амбулатория ғимаратын салуды 2023 жылға жоспарланып отыр.

Инфрақұрылым — Көксу ауылынын көшелеріне жарықтандыру түнгі шамдарын орнату құрылыс жұмыстары 2020 жылы аяқталды 2021 іске қосылды. 2020 жыл Беріктас ауылының ішкі 2 көшесіне және Қосағаш ауылының кірме жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2021 жылға Беріктас пен Қосағаш кіреберіс жолдарын жөндеу және Қосағаш ішкі 5 көшесіне, Көксу ішкі 12 көшесіне, Беріктас ішкі 2 көшесіне жөндеу асфальт төсеу жұмыстарына сметалық құжаттары дайындалып, жұмыстары жоспарланып отыр.

Байланыс және көлік саласы — 2020 жылы ауыл округіне Казахтелеком интернет жүйесі ВОЛС кабелі арқылы құрылыс жұмыстары жүргізіліп, мектеп, әкімшілік, дәрігерлік амбулаториясына қолданысқа берілді.  Сонымен қатар 2020 жылы Беріктас ауылында тұрғындар салған байланыс вышкасының құжаттары жасалынып, ТОО «Картел» (Билайн) оператормен келісімге отырып қолданысқа берілді. 2021 жылы Қосағаш ауылына байланыс бойынша келісім шарт жасауға жоспарлап отырмыз.       

Санитарлық  тазарту, аббатттандыру, жөндеу жұмыстары — 2020 ауыл округінің көктемгі санитарлық тазарту, көгалдандыру  санитарлық тазарту жұмыстарына ақылы қоғамдық жұмысқа 26 адам тартылды. 2020 жылы әкімшілік ғимараты ағымды жөндеуден өтіп қолданысқа берілді.

Округте әкімшілік екінші ғимараты жөндеуден өткізіп, Казпочта мекемесіне жалға беріліп отыр, сонымен қатар шағын асханаға жалға беріліп, жанадан бір жұмыс орын ашылып отыр, Көктал ауылында мектеп  қасында балаларға арналған ойын аланы салынды. Көктал аулында елді мекенінң шетінде орналасқан су мунарасынан ауылдың ішіне дейін су тартылып қолданысқа берілді. 2021 жылға ұш аулға футбол стадионы салуды жоспарлап отыр.

Осылайша, Көксу ауылдық округіне қарасты шағын ауылдардағы тұрғындардың өмірін жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бұл тұрақты дамудың нақты мақсаты — «Тұрақты қалалар мен елді мекендер».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *