Елекбаева Гүлсім — Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шұбарши аулының шебері

«Әрбір жанның өзіндік ерекше таланты, дарыны, әдістемелік шеберлігі болады. Гүлсімнің ерекшелігі жоспарлы істі шебер ұйымдастыра білу. Осы қасиеттері еңбегін бағалай отырып, сенім білдірген соң облыстық «Мәңгілік елдің мәдени мұрасы» фестивалінде  аудандық іріктеу кезеңінен өтіп, дипломмен және 200 000 теңге сертификатына ие болды. Гүлсімның аудан мәдениеті мен кәсіпкерлік саласына қосқан үлесі үшін аудан әкімінің «Алғыс хатымен» бірнеше рет марапатталған. «Ойыл ауданы  әкімінің сыйлығының  иегерімін» 2021 жылы ақпан айында Тұңғыш Президент қорының  ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясында «Асар» номинациясы бойынша Күміс медаль иегері атанды.

Қазіргі таңда аудан орталығында, яғни Ойыл селосында тұрып жатыр. «Үкілі үміт» мүмкіндігі шектеулі жандар клубының мүшесі.

Қазіргі заман талабына сай қосымша табыс кіргізіп отыратын кәсіпкерлікпен де айналысуы керек екендігінді ескеріп, тоқыма бизнесін жүргізуде.

Елекбаева Гүлсім келешегінде үлкен сеніммен қарайды, себебі ауылының сәулеті асқан,  дәулеті тасыған берекелі құт мекен болуына барлық жағдай жасалуда, ең бастысы суы мен жылуы бар» — дейді Ақтөбелік шебері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *