БИБІГҮЛ РАМАЗАНОВА: Елге қызмет – абыройлы міндет!

"Теңіз экожүйелерін сақтау" 14-шші Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшысы Рамазанова Бибігүл  Дүйсеғалиқызы Маңғыстау облысының «Риза–Ана» қоғамдық қорының директоры, Қазақстан ауыл әйелдері Форумының спикері, өз жетістікке жеткен тарихын осылай деп жазған:  "Мен Форт-Шевченко қаласы, Баутино ауылында туып өстім. Туған ауылымда мектепті ойдағыдай бітіріп, жоғары оқу орнына түсіп, ұстаздық мамандықты таңдаған болатынмын. Ұстаздықды жаныма серік етіп, алғаш еңбек жолымды Ақтау қаласындағы № 9 орта мектептен бастадым. Кейін 2005-2006 жылдары өзім туып өскен ауылыма келіп, А.М.Горький атындағы орта мектепте еңбек жолымды жалғастырдым. Аталған мектепте 15 жыл қызмет атқардым. Қиындығы мен қызығы мол мамандықты кішкентайымнан жаным сүйген болатын. Мектептегі жұмыс күнім аяқталған соң, жарты күнімді өзімнің жеке кәсібіме арнадым. 2008 жылы Маңғыстау облысы бойынша шағын бизнесті қаржыландыру бағдарламасына қатысып «Шағын баспахана» ашу мақсатында грант иегері атандым. 2009 жылы Жеке кәсіпкер ретінде ресми түрде тіркеліп халыққа қызмет көрсете бастадым. 2011 жылы екінші мәрте грант иегері атандым. Жеке кәсіпкер бола тұрып, өз ауылымда «Той салоны», «Шағын баспахана», «Тойды шармен безендіру», «Гүлдер дүкені» т.с.с. ел игілігіне жарар қызметтер көрсеттім. 2010 жылы Түпқараған ауданы әкімінің «Жылдың үздік жас кәсіпкер» номинациясын жеңіп алдым. 2013-2014 жылдары арасында «Бота» қорының волонтеры болып тіркеліп, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен жұмыс, 4-6 жас аралығындағы балалары бар ата-аналармен жұмыс, жүкті әйелдерге арналған тренингтер ұйымдастырып, жұмысымды ойдағыдай өткіздім. Мен қоғамның осынау әлжуаз тобына ақыл кеңес беріп, барынша көмек көрсетуді қоғам алдында азаматтық парызымды өтеу деп ұғындым. 2016 жылы маусым айының 29 жұлдызында «Риза-Ана» қоғамдық қоры Маңғыстау облысы әділет департаментінде тіркеліп, дүниеге келді. Қазіргі таңда «Риза-Ана» қоғамдық қоры БҰҰДБ (ПРООН)ның Маңғыстау облысын
тұрақты дамыту бағдарламасына қатысып 10 жұмыссыз әйелді «Аспазшы-кондитер» қайта даярлау курсында оқытты. Осылайша Түпқараған аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы жүзеге асырдық. 2018 жылы Астана қаласында өткен «Ауыл – ел бесігі» форумына қатысып, «Ауылдық жерлерде үкіметтік емес ұйымды дамыту» тақырыбында баяндама жасадым. Өткен 2019 жылы ТенгизШевройл компаниясының «Маңғыстау өңірін дамыту бағдарламасына» қатысып, 20 жұмыссыз әйелді әртүрлі курстарға оқытып жаңа мамандық алуға жағдай жасап, өз бизнесін ашып беруге тікелей мұрындық болдық. 2019 жылы қараша айында Ауыл әйелдері форумына Маңғыстау облысының атынан делегат болып бардым. Содан кейін республикалық Қазақстан ауыл әйелдері Форумына қатыстым. 2020 жылы праймеризге қатысып, бағдарламамның басым бағыттарының бірі ретінде ауыл әйелдерінің белсенділігін арттыру, Президентіміздің «Аңсаған сәби» бағдарламмасының жүзеге асырылуын қолдау, ауыл елді мекендерде қолжетімді интернеттің болуына жұмыстану, ауылдың әйелдерінің өз бизнесін ашуға ықпалдасу сияқты басым бағыттарды алған болатынмын. 2020 жыл «Орталық азия «Евразия» қорының «Жұмылсақ жұдырық боламыз» атты жобасының жеңімпазы атандым. Жобаның негізгі бағыты «Баутино ауылы теңіз жағалауы жағажайды аббаттандыру». Қазіргі сәтте осы бағытта теңіз жағасын яғни Каспий теңізі жағалауында тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл жобаның басты мақсаты - ауыл тұрғындарын бірге жұмылдырып, өз туған ауылының теңіз жағалауын аббаттандыру".


   	

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *