Приветствия в книге «100 Историй успеха…» организаторов форумов и партнеров

Уважаемые гости сайта! 30 ноября текущего года мы сообщали, о том что на наших сайтах и страницах Фейсбук будут размещены истории успеха сельских женщин опубликованные в третьей книге  «Асқар шыңдарға ту тіккен Қазақстан 100 ауыл әйелдері / 100 историй успеха сельских женщин Казахстана«. Однако публикации историй мы начнем с вступительных приветствий организаторов форумов и наших партнеров.

Итак, вашему вниманию первое приветствие Майры Айсиной — Председателя организационного комитета Форума сельских женщин Казахстана, Депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан ІV, V, VI созывов:

АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІ ФОРУМЫНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ – ЕҢБЕК ЕРЛЕРІН КЕҢІНЕН НАСИХАТТАП, БАРША ЖҰРТҚА ӨНЕГЕ ЕТУ. Биыл «Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері» атты кітаптың үшінші басылымын алдарыңызға ұсынып отырмыз. Кітаптқа есімі енген аяулы апа-әпкелердің, қыз-келіншектердің ой-пікірлері, өмірлік тәжірибелері, өскелең ұрпаққа үлгі, өнеге, деп санаймыз. Кейіпкерлеріміздің біліктіліктері де, мамандықтары да, қызмет салалары да, жастары да әртүрлі. Олардың арасында ұстаз, дәрігер, фермер, ауылдық округтің әкімі, мәдениет, халыққа қызмет көрсету орталықтарының, мемлекеттік емес ұйымдардың да өкілдері бар. Бірақ бұл адамдардың бәріне ортақ мақсат – ауыл деңгейін көтеру, ауыл адамдарының өмір сүру сапасын жақсартып, нәтижелі жұмыспен қамту, елімізді экологиялық таза азық-түлікпен қамтамасыз етуге өз үлестерін қосу. Ел бесігі – ауыл болса, бесікті тербететін әйел қауымы болса, онда ауылды көтеретін істердің тұтқасы да әйел! Әйел бір жағынан үйдің сәні де, көркі де, мерекесі де, берекесі де болса, екінші жағынан еңбек майданының көрігін қыздырып, егін даласын – әнге, ел қамбасын дәнге толтыруда әйелдің үлесі елеулі. Биыл төртінші рет өткізіліп отырған облыстық, республикалық ауыл әйелдері Форумының басты мақсаты — еңбек ерлерін кеңінен насихаттап, барша жұртқа өнеге ету. Осы орайда «Әлеуметтік динамика» Қоғамдық қорының, «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global ды дамыту» Коалициясының ұжымдарына ризашылығым шексіз! Сонымен қатар, Форумның ұйымдастыру комитеті атынан ауыл әйелдерінің қоғамдағы орны мен мәртебесін көтеру жөніндегі іс-шараларымызды барынша құптап, қолдау көрсетіп жүрген облыс Әкімдеріне, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, Ұлттық экономика министрлігіне, сондай-ақ серіктестеріміз – халықаралық «Coca-Cola» компаниясы мен қорына, ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар офисіне, Бұқаралық ақпарат құралдарына алғысымды білдіремін! Ардақты апа-әпкелер, қадірлі құрбы-құрдастар, құрметті қыз-келіншектер! Еңбектеріңіз әрдайым әділ бағаланып, асқар шыңдарды бағындырып, мерейлеріңіз үстем болсын! Отбастарыңыз аман-сау тұрып, төрлеріңізге бақыт пен береке, ырыс пен мереке ұяласын

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *