Әлемде азық-түлік мәселесі өзекті бола түсуде — сарапшы

Бүгінде жаһан халқының 70% қалада тұрады. Әлемде халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі өзекті бола түсуде. Бұл туралы Экономикалық зерттеу институтының басқарма директоры Бауыржан Мұқан айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  Оның айтуынша, БҰҰ-ның 17 тұрақты мақсаты бар.  «Бүгін қазақстандық сарапшылар азық-түлікпен қамтамасыз етуді қамтитын 2 мақсатты талқылайды. Азық-түлік қауіпсіздігі шеңберінде мемлекет АӨК бойынша 9 бағдарлама жүзеге асырды. Азық-түлікті қамтамасыз етуге байланысты түрлі форматта өзгерістер енгізілді. Енді оны тұрақты даму мақсаттарына орай бейімдеу қажет», — деді басқарма директоры елордада өткен азық-түлік қауіпсіздігі тақырыбында өткен семинарда.  Бауыржан Мұқан әлемде халықтың саны өсіп жатқанын атап өтті.  «Қалаларға шоғырлану мәселесі де бар. Қазір жаһандағы халықтың 70 пайызы қалада тұрады. Онда халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі туындап отыр. Кейбір дамымаған елдерде кедейшілік, аштық көрсеткіштері артқан. Осыған байланысты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі өзекті», — деп түйіндеді сөзін Бауыржан Мұқан. 

Дәурен Ерболат  https://inbusiness.kz/kz/last/alemde-azyk-tulik-maselesi-ozekti-bola-tusude-sarapshy

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *