«ӨМІРІМНІҢ МЕРЕЙЛІ СӘТІ»

Қызылорда облысының тұрғыны АЙНҰР ЖИДЕБАЕВА, «ХАЛЫҚ ТҰТЫНАТЫН ТАУАРЛАР. ҰЛТТЫҚ СТИЛЬДЕГІ ҮЙ ТОҚЫМА ӨНДІРІСІ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША ГРАНТ ИЕГЕРІ, танымал  «Асқар шыңдарға ту тіккен Қазақстандағы 100 ауыл әйелдері / 100 историй успеха сельских женщин Казахстана» атты кітабының кейіпкері. Айнұр жетістікке қалай жеткенін сіздін назарларынызға ұсынамыз:

«Мен бақ дарыған, құт қонған, қазақ халқының танымал тұлғалары, бірегей дарынды ұл қыздары туған Қызылорданың Жалағаш жерінде дүниеге келдім. Балалық шағымның балдәурен кезеңі өзімнің кіндік кесен туған ауылымда өтті. Сонау бала кезімнен қол өнеріне, соның ішінде тігіншілікке деген қызығушылығым ерекше болды. Осы бағытта ізденуден, білмекке талпынудан бір сәтке де жалыққан емеспін. Жүрек қалауыммен жаным сүйген іс мені әркез шалқар шабытқа бөлеп, тың дүниелерді игеруіме жетелеп отырды. Біздің қазақы салт-дәстүрімізге тән әртүрлі құрақтан тігілген көрпешелер, қыз жасауы, бесік жасауы, әдемі жылы көрпелер сұранысқа ие тұрмыстық заттарды әзірлеумен айналысқаныма біршама жылдардың жүзі болды, десем артық емес. Қазақтың қолөнері қай кезеңде болмасын өз сәнінен кетпеген. Жылдар артып әртүрлі дизайнмен тігілген қазақы нақыштағы жаңашыл ою-өрнекпен өрнектелген бұл заттар қазақ өнерінің дамуының бір көрінісі. Бұл мәдени байлығымыз атадан балаға ғасырлар бойы өз нақышын жоғалтпай мұраға беріліп келеді. Оны көздің қарашығындай сақтау әрбір қазақ баласының асыл борышы, ардақты парызы екені даусыз. Сонымен қоса, қастерлі мұрамыздың нақышын бұзып алмай, жаңашылдық элементтерін енгізіп, заман көшіне ілесе алатындей қалыпта жеткізу де мерейлі міндет деп білемін. Бала кезімнен өзіммен серіктесіп келе жатқан хоббиімді 2012 жылы табыс көзіне айналдырсам, деген ой келді. Нәтижесінде тігін машинаммен түскен тапсырыстарды ойдағыдай орындап, әртүрлі құрақ көрпелер тіге бастадым. Жасыратыны жоқ нақты жоспар, сонымен қоса қомақты қаражаттың болмауы істі өрге сүйрей алмады. Бәрі де қаражатқа келіп тірелгендіктен әрі қарай бұл кәсіпті дамыта алмадым. Бірақ кеудемде бір алып күш «бұлай қарап отыруға болмайды, талаптан, ізден» дегендей алға қарай сүйрей берді. Бұл күштің арыны тым қатты болды. Елімізде кәсіп ашқысы келетіндерге арналған қандай көмек бар, қандай қолдау бар, қандай байқау бар, бәрін де бірін де қалдырмай оқи бердім, таныса бердім. Іздеген адамға жоқ табылады, бар көркейеді деп дана халқымыз айтқандай, мен ақпарат іздеген сайын, тың дүниелер табыла берді, өзіне тарта берді. Coca-Cola белестері жобасы туралы «Жасыл» экономиканы дамыту және G-Global қолдау» ұжымының Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының жұмыспен қамту орталығына жіберген ақпаратын оқи отырып, ауыл тұрғындарына осы керемет іс-шараның өтетінін жеткізген соң барып, анығын білдім. Егер осынау ақпаратты мен естімегенде мұндай іске бел бумас па едім, кім білсін?! Бұл шындығында да менің өмірімдегі жұлдызымды жандырған, мерейлі сәт еді. Содан соң бәрі расында да түсте көргендей жайнап шыға келді. 2020 жылы мен «Coca-cola Белестері» бірлестігі ұйымдастырған онлайн-тренингіне қатысып, одан өзіме қажетті білім алып, бизнес-жоспар жазып, талаптанып көрдім. Нәтижесінде «Халық тұтынатын тауарлар. Ұлттық стильдегі үй тоқыма өндірісі» номинациясы бойынша грант иегері атандым. Бұл грант менің кәсібімді ғана дөңгелетуге емес, ел алдындағы жауапкершілік жүгін де арттырып отырғаны хақ. Алдағы уақытта мен ойымда жүрген керекті құрал-жабдықтарды сатып алып, өз кәсібімді жандандыруға бел буып отырмын. Сәтін салса қарапайым бастамамды, үлкен өндіріске айналдырып, шәкірт дайындайтын кезге жетсем, деп те армандаймын. Қазақстан ауылдарында мен сияқты қаншама қарапайым қыз- келіншек тұрады. Олардың әрқайсысының жүрегінде елге- жерге деген сүйіспеншілікпен қатар, қандай да бір пайдалы іс атқарсам, деген тілек бар. Мен алдағы уақытта оларға өз тәжірибеммен үлгі- өнеге болсам деймін. «Жанамын» деген жүректерге үміт отын жаққан халықаралық Coca-Cola компаниясына, ұйымдастырушыларға және Coca-Cola белестері байқауына шексіз алғысымды білдіремін.»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *