«КӘСІП АШУ ЖАСҚА ҚАРАМАЙДЫ»

Маңғыстау облысының түрғыны РОЗА БИМҰХАМБЕТОВА «СҮТТІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНДІРІСІ. ЕШКІ СҮТІ НЕГІЗІНДЕГІ ӨНІМДЕР ӨНДІРІСІ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША ГРАНТ ИЕГЕРІ,  «Асқар шыңдарға ту тіккен Қазақстандағы 100 ауыл әйелдері / 100 историй успеха сельских женщин Казахстана» атты кітабының кейіпкері. Назарларыңызға Розаның жетістікке жеткен тарихы:

«Мен, көпбалалы анамын. 20 жылдан астам уақыттан бері мал шаруашылығымен айналысып келемін. Қазіргі кезде Зеңгі баба төлінен басқа төрт түлік малдың барлығын бағып, мал басын көбейтіп, дамытып отырған жайым бар. Қазақстан ауыл әйелдерінің табысты еңбектері туралы көбіне теледидардан, арнайы бағдарла- малардан көремін. Ауылдық жерде тұрғандықтан ауылымызда қолдарынан келетін өнерін дамытып отырған қыз- келіншектер өте көп. Бірі наубайхана ашса, бірі асхана, мейрамхана, шаштараз ашып халыққа қызмет көрсетіп келеді. Олардың қатарында оқыту орталықтарын ашып, білім берумен, бала бақша ашып тәрбие берумен айналысқандар да бар. «Ел іші- өнер кеніші», деп осындайда айтылса керек. Қарағандының техникалық университетінде оқып жүрген ұлым Бақытжан көбінесе интернетпен жұмыс істеп, жан-жақты ізденеді. Бізді кәсіпкерлік әлемінде болып жатқан тың жаңалықтармен үнемі сол таныстырып отырады. Елімізде болсын, ТМД елдерінде болсын, шет елдерде болсын кәсіп ашып, қоғамға пайда келтіріп отырған адамдар туралы, олардың озық тәжірибелері туралы танымдық маңыздағы ақпарат мен үшін, отбасым үшін әрқашан да өзекті. «Coca-Cola Бірлестігінің» әлемнің әр түпкіріндегі ауыл-аймақтарда тұрып жатқан адамдарға бағытталған нәтижелі жұмысымен де осынау халықаралық ұйымның жариялаған арнайы сайысының талаптарымен де әу баста Бақытжан балам таныстырып, зейнеткер болсам да, қатыса алатындығымды айтқан еді. Шындығында да кәсіп ашқан адам еселі еңбегінің жемісін, жеңісін көргісі келеді. «Тәуекел түбі желқайық, желесің де өтесің» демекші, мен тағы да бір өз күшімді сынап көрмекке бел буып едім, сәттілік серік болды. Талап бойынша бизнес жоспар жазу маған еш қиындық тудырмады. Себебі мал шаруашылығын, құс шаруашылығын кеңінен дамытып мол тәжірибе жинаған, қысырларын, құпияларын жіті меңгерген жан ретінде, бұл маған оңай тиді. Бизнес процесті сипаттап жазудан еш жалықпадым. Мысалы, өзім сауған ешкінің сүтінен әртүрлі табиғи өнімдерді дайындаймын. Мұны бала күнімде анам үйреткен еді. Ешкі сүтінен құрттың түп нұсқасы сақтап 8-9 сағат қайнатамын. Сүттен айран ұйытамын. Брынзаны табиғи мәйекпен (ферменттер емес) ұйытып дайындаймын. Сары майды күбіде шайқап аламын. Бұл уақыт пен күш — жігерді қажет етеді. Дегенмен, іргелі ісімнің қорытындысы мені қуанышқа бөлейді. Ықлым замандардан бері ата бабаларымыздан мұра болып келе жатқан осынау бекзат өнер кәсіпкерлік сан алуан жұмбақтарын шешіп, келешек ұрпақтарға жеткізу де асыл парызым. Менің табиғи өнімдерді дайындап, халықтың алғысына бөленіп келе жатқаныма 3 жылдан асты. Өнімдерімізді тиімді бағада ауыл, аудан, облыс тұрғындарына ұсынып келеміз. 2020 жылы Coca-Cola белестері әлеуметтік жобасының сайысына қатысып, жеңімпаз атандым. Жеңімпаз атану маған шабыт қана сыйлап қоймады, ары қарай өсуді, білім мен біліктілікті жетілдіруді, шаруашылығымды кеңейту керектігін ұғындырды. Сөйтіп ұтып алған Грант қаражатына бірден Алматы қаласынан тапсырыспен керекті арнайы құрал-жабдықтарын алдырттым. Бұл құрал-жабдықтар технологиялық мүмкіндіктерімізді кеңейтіп, нарықтағы бәсекелестерімізден оқ бойы озық тұруымызға жағдай жасайтынын терең білдім. Алдағы күндерге жоспарларымыз көп. Аманшылық болса, мамыр-қыркүйек айларында ешкілерді сауып, табиғи өнімдер дайындап ел тұрғындарын тағы қуантамын, деген сенімдемін. Сонымен бірге Ақтау қаласындағы балалар үйіне, қарттар үйіне, ауданымызда тұрып жатқан мүмкіндігі шектеулі жандарға айына 2 рет тегін табиғи таза ешкі сүтін жеткізіп отыруды жоспарлап отырмын. Ауыл әйелдерінің мехнатқа толы болса да адал еңбектерін бағалап, қолдаған, қанаттандырған Coca-Cola халықаралық бірлестігіне, іс- шараны ұйымдастырушыларға, демеушілерге үлкен рахмет айтамын. Ауыл әйелдерінің республикалық деңгейдегі Coca-Cola белестері байқауының жеңімпазы деп мені таңдаған соң, сенімдеріңізді ақтауға тырысамын.»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *